Мектептің медициналық қызметкері Жарова Д.К. күн сайын дайын тағамдардан тәуліктік сынама алып, оқушылардың тамақтану сапасы мен қауіпсіздігін тұрақты түрде бақылап отырады.
Тексеру барысында комиссия мүшелері ас блогын қарап, тағамдарды дайындау технологиясының сақталуын, мәзірдің дұрыс құрастырылуын, азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімін мен сапасын, сондай-ақ дайын тағамдардың органолептикалық көрсеткіштерін — дәмін, иісін, түсін, құрылымын және шырындылығын бағалады.
Сонымен қатар ас блогы қызметкерлерінің жеке бас гигиенасы ережелерінің сақталуына, санитарлық кітапшалардың жағдайына, азық-түлік пен көкөністердің сапасы мен күйіне, асхана бөлмелеріндегі тазалық пен тәртіптің сақталуына ерекше көңіл бөлінді.
Тексеру нәтижелері бракераж журналына және бақылау актілеріне тіркелді. Жалпы алғанда, мектептегі тамақтануды ұйымдастыру қанағаттанарлық деп танылып, оқушылардың тамақтануы белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға толық сәйкес келетіні анықталды.