Мектеп кітапханасында «16 Желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге қойылған барлық материалдар: кітаптар, фотосуреттер, газет-журналдардан алынған мәліметтер тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы алдындағы қайғылы оқиғалар мен Желтоқсан оқиғасының қатысушысы болған адамдар туралы баяндайды. 1986 жылғы саяси оқиғалар қазақ халқының тағдырындағы бетбұрысты кезең болды және Қазақстанның саяси және экономикалық жүйесін реформалауға ықпал етті.
Оқырмандарымызды кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз!