Сіздерді азаматтық белсенділік танытуға және осы акцияға қатысуға шақырамыз!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында жыл сайынғы "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы 2019 жылдан бастап жыл бойы форматқа ауыстырылды.
Акцияның мақсаты - оқытумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басына дайындық кезінде қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акцияның мақсаты: мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек көрсету үшін меценаттар мен демеушілерді тарту.
Акция 2023 жылдың 1 тамызынан басталып, 2023 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады. "Мектепке жол" акциясы барысында оқу жылы басталғанға дейін әлеуметтік қорғалмаған санаттағы балаларды материалдық көмекпен қамту қажет. Оқушыларға киім, аяқ киім және кеңсе керек-жарақтарын сатып алу түрінде көмек көрсетіледі.