ОҚУҒА ТҮСУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
1 СЫНЫПҚА 2025 ЖЫЛ
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ № 18 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КММ
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
2025 ЖЫЛҒЫ 1 СӘУІР МЕН 31 ТАМЫЗ АРАЛЫҒЫНДА
1-СЫНЫПҚА АЛТЫ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ЖӘНЕ БИЫЛҒЫ КҮНТІЗБЕЛІК ЖЫЛЫ АЛТЫ ЖАСҚА ТОЛАТЫН БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ.
Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 564 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметі
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) қағаз тасығышта жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін баланың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес құжаттар ұсынады.
Құрметті ата-аналар!
2024 жылғы 1 сәуірден 31 тамыз аралығында барлық білім беру ұйымдарында бірінші сыныпқа өтініштер қабылданады.
Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
(1 қосымша) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, EGOV.KZ «электрондық үкімет» веб-порталы, сондай-ақ «SAKURA» электрондық порталы арқылы.
Порталдардағы өтінімге ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.
Құрметті ата-аналар, мектеп-гимназияда гимназиялық және жалпы білім беретін сыныптардың бар екенін назарыңызға жеткіземіз. 1 гимназиялық сыныпқа қабылдау ережелерінің өзгеруіне байланысты, бізде білім деңгейін кәсіби бағалау және балалардың гимназиялық сыныпта оқуға психологиялық дайындығын анықтау мүмкіндігі жоқ. Балаңызды гимназиялық сыныпта оқытудың жақсы жақтарын таңдағанмен, баланың гимназиялық компонентпен толықтырылған оқу жүктемесіне дайындығын түсіне отырып, объективті бағалауыңыз керек.
Сіздің балаңыз болашақта бірінші сынып оқушысы болады. Оның оқудағы жетістіктері - баланың, мұғалімнің, ата-ананың өзара әрекеті. Құрметті ата-аналар, баланың мүмкіндіктеріне назар аудара отырып, бірінші сынып оқушысы үшін саналы таңдау жасаңыз.