Құрметті әріптестер, ата-аналар, бизнесмендер, кәсіпкерлер, меценаттар!
Сіздерді азаматтық белсенділік танытуға және осы акцияға қатысуға шақырамыз!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында жыл сайынғы "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы 2019 жылдан бастап жыл бойы форматқа ауыстырылды.
Акцияның мақсаты - оқытумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басына дайындық кезінде қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акцияның мақсаты: мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек көрсету үшін меценаттар мен демеушілерді тарту.
Акция 2023 жылдың 1 тамызынан басталып, 2023 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады. "Мектепке жол" акциясы барысында оқу жылы басталғанға дейін әлеуметтік қорғалмаған санаттағы балаларды материалдық көмекпен қамту қажет. Оқушыларға киім, аяқ киім және кеңсе керек-жарақтарын сатып алу түрінде көмек көрсетіледі.
1.09.2022 ж.
2022 жылы «Мектепке жол» республикалық акциясы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі.
Акцияның мақсаты - аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жетім балалар және оқу жылының басына дайындық кезеңінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға материалдық көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу.
Жалпы білім беру қорынан 2022 жылы әлеуметтік қорғалмаған санаттағы 55 оқушыларға көктемгі курткалар, көктемгі етіктер, спорттық костюмдер берілді. Сонымен қатар кеңсе тауарлары, рюкзактар және мектеп формасы берілді. Жалпыға бірдей білім беру қорынан көмекпен қамтылмаған мұқтаж балаларға кеңсе тауарлары, киім және аяқ киім түрінде демеушілік көмек көрсетіледі.